Құрметті Қазақстандықтар!
Ұлтымыздың ұлы күніне айналған Тәуелсіздік күнімен баршаңызды құттықтаймын!
1990 жылғы 25 қазан Қазақстанның мемлекет болып қалыптасу тарихындағы маңызды күн болып табылады.
Бұл күні Тәуелсіздік декларациясы қабылданып, онда алғаш рет қазақстандық қоғам мен мемлекеттік басқаруды дамытудың негізгі қағидаттарын, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтитын тәуелсіз Қазақстанның идеологиясы мен саясаты бекітілді. 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары еліміздің мемлекет ретінде құрылу тарихындағы жаңа бетбұрыс кезеңі болды.
Қазақстанның егемен ел болып қалыптасу жолы оңай болған жоқ, дегенмен сол нәтижеге тұрарлық тарихи жол болды.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.
Халықаралық деңгейде тәуелсіз мемлекеттің аумақтық тұтастығы маңызды ұстаным ретінде қарастырылады.
Бұл ұстаным БҰҰ Жарғысының 2-ші бабында бекітілген, онда: «БҰҰ-ның барлық мүшелері өздерінің халықаралық қатынастарында кез келген мемлекеттің аумақтық тұтастығына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы және Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттарына сай келмейтін және қауіп төндіретін басқа да тәсілдермен күш қолданудан бас тартады» делінген.
Бүгінде БҰҰ-ның құрамында 193 мүше-мемлекет бар, олардың тәуелсіздікке жетуде әрқайсысының өз жолы бар.
Біздің әрбіріміз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі құнды және біз оны бағалап, еліміздің нығаюына және оның әл-ауқатын жақсартуға өз үлесімізді қосуымыз керек.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова