Бүгін 2023-2024 жылдарға арналған Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қатысушыларын іріктеу жөніндегі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Алматы облысы бойынша кандидаттардан берілген өтініштердің жеткіліксіз санына байланысты осы өңір бойынша ҰАТ топтарына қатысушылардың қосымша жиынтығы жарияланады.
Құжаттар қолма-қол, пошта арқылы (Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15 кіреберіс, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық) немесе ombudsman.npm.2022@gmail.com электрондық пошта арқылы қабылданады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылғы 22 желтоқсан.
Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) үміткердің өмірбаяны;
3) білімі туралы дипломның көшірмесі, ал ол болмаған жағдайда-аттестаттың көшірмесі;
4) жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) жұмыс орнынан анықтама (жұмыс болған жағдайда);
6) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оны ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
7) беру сәтінде жарамды психоневрологиялық диспансерден анықтама;
8) беру сәтінде жарамды наркологиялық диспансерден анықтама;
9) үй, жұмыс және ұялы телефондары, сондай-ақ дербес электрондық мекенжайы көрсетілген жеке парақ;
10) Электрондық форматтағы 3 х 4 фотосурет.
Өткен жылы өкілеттіктері тоқтатылған ҰАТ қатысушылары ҰАТ құрамында алдағы мерзімге жұмысты жалғастыруға ниет білдірген жағдайда Үйлестіру кеңесіне 5) - 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттармен бірге өтініш береді.
ҰАТ-ға ҚАТЫСУ ҮШІН КАНДИДАТ:
1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауға;
2) қылмыс жасағаны үшін күдікті немесе айыпталушы мәртебесінің болмауы;
3) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танымауға;
4) судья, адвокат, мемлекеттік қызметші, әскери қызметші, құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметкері болмауға;
5) психиатрдың және (немесе) наркологтың есебінде болмауға;
6) қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам мәртебесіне ие болмауға;
7) мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан шығарылған немесе теріс себептермен адвокаттар алқасынан шығарылған немесе адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айырылған адам мәртебесіне ие болмауға міндетті.
Алматы облысы бойынша ҰАТ қатысушыларын қосымша іріктеу мәселелері бойынша 87172 74-05-49телефоны бойынша хабарласға болады.