
10 наурызда Орал қаласында #CapstoneProject жобасының қатысушылары мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих, экономика және құқық факультетінің студенттері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Әзімова Эльвира Әбілқасымқызымен кездесті.
Кездесу барысында студенттерге Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің жұмысы, сондай-ақ Ұлттық алдын алу тетігі мүшелерінің қызметі туралы айтылды. Уәкіл мемлекеттің жас ұрпақты адам құқықтарын қорғауға және жастардың әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға мүдделі екенін атап өтті.
Өз кезегінде кездесуге келген студенттер сотталғандардың құқықтарынан бастап, шетелдік азаматтардың асырап алған қазақстандық балаларды қорғау тетіктеріне дейінгі көптеген қызықты мәселелерді ортаға салды.
Сондай-ақ, аталмыш кездесуге Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың азаматтардың шағымдары жөніндегі басқарма басшысы мен азаптауға қарсы Ұлттық алдын алу тетігінің аймақтық тобының мүшелері қатысты.