Омбудсмен Қазақстандағы БҰҰДБ тұрақты өкілінің орынбасарымен кездесу өткізді

Омбудсмен Қазақстандағы БҰҰДБ тұрақты өкілінің орынбасарымен кездесу өткізді

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматовпен кездесті.

Қазақстандық омбудсмен 2022 жылғы 18 қарашада күшіне енеді «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң туралы айтты.

БҰҰДБ өкілі ұлттық құқық қорғаушы мекемені конституциялық мәртебесімен құттықтап, адам құқықтары саласындағы міндеттерін қамтамасыз ету жолында табыс тіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2023 жылға арналған бірлескен жобалар бойынша келісті.

#Ombudsman #Уәкіл #АдамҚұқығы