Ұйымның Бағалау комитетінің төрағасы, профессор Николас Хардвик бастаған Ұлттық алдын алу механизмі обсерваториясының (NPM OBS) делегациясы Қазақстанға келді

Ұйымның Бағалау комитетінің төрағасы, профессор Николас Хардвик бастаған Ұлттық алдын алу механизмі обсерваториясының (NPM OBS) делегациясы Қазақстанға келді

24 ақпанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э.Ә. Азимованың шақыруымен, Ұйымның Бағалау комитетінің төрағасы, профессор Николас Хардвик бастаған Ұлттық алдын алу механизмі обсерваториясының (NPM OBS) делегациясы Қазақстанға келді.

NPM Obs - Еуропалық Кеңес пен Францияның Әділет министрлігінің қолдауымен 2016 жылы құрылған үкіметтік емес ұйым. Ұйымның қызметі азаптауларға және басқа да қатыгез және адамгершілікке жат қылықтарға қарсы ұлттық алдын алу тетіктерін дамытуды қолдауға бағытталған.
Қазақстан БҰҰ азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазаларға қарсы конвенциясына 1989 жылы қосылды.

Азаматтық қоғам өкілдерінің азаматтардың уақытша сот шешімдеріне, үкімдерге немесе мемлекеттік органдардың шешімдеріне негізделетін мекемелерге жүйелі түрде бару түріндегі ұлттық алдын алу тетігі 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл механизм мекеме әкімшілігінің заңсыз әрекеттерін анықтауға және адам құқықтарының анықталған бұзушылықтарын жою үшін уәкілетті органдарға дереу хабарлауға бағытталған. Жалпы айтқанда, бұл азаматтардың уақытша орналасқан мекемелерінің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарымен кепілдендірілген құқықтарын сақтау мақсатында тәуелсіз азаматтық бақылау.
Бүгінгі таңда қазақстандық алдын-алу тетігі 3 мыңнан астам мекемені, атап айтқанда, түзеу мекемелерін, ІІМ мен ҰҚК-нің тергеу изоляторларын, ІІМ уақытша ұстау изоляторларын, полиция департаменттерін, арнайы қабылдау пункттерін, тарату орталықтарын, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарын, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды, балалар үйлерін, арнайы оқу орындарын, денсаулық сақтау орындарын қамтиды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қоғамдық ұйымдардың және азаматтардың қатысуымен өткізілген конкурстың нәтижесінде сайланған Қазақстан азаматтары аталған мекемелердің азаматтық мониторингіне қатыса алады.

NPM Obs Сербияда, Италияда және Албанияда қолданыстағы ұлттық алдын алу тетіктеріне тәуелсіз аудит жүргізді және азаматтардың мүдделерін және олардың құқықтарын қорғауды одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар жасады.

Кездесу барысында сарапшылар қазақстандық ұлттық алдын алу тетіктерінің қатысушыларымен, үкіметтік емес ұйымдармен үйлестіруші кеңестің мүшелерімен және азаматтық бақылауға жататын мекемелерге жауапты бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесулер өткізді.

Кездесу қорытындылары бойынша қазақстандық алдын-алу тетігіне аудит жүргізу және оны одан әрі нығайту бойынша ұсыныстарды 2020 жылдың соңына дейін әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді.

Өз кезегінде профессор Николас Харвик Қазақстан Республикасындағы ҰПМ бағалау оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін талдауға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар жабық мекемелерде тәрбиеленетін балаларды үнемі бақылаудың, сондай-ақ КЕҰ қатысушылары балалар мекемелеріне барғанда белгіленген талаптарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.