Уәкіл мен Арменияның Қазақстандағы елшісінің кездесуі

Уәкіл мен Арменияның Қазақстандағы елшісінің кездесуі

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова өз кеңсесінде Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гевондян Армен Вачиковичті қабылдады.

Жұмыс кездесуі аясында тараптар адам құқықтары саласындағы ағымдағы жағдайларды талқылады, сондай-ақ Эльвира Әзімова Армения өкіліне елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар туралы айтты.

Өз кезегінде Гевондян Армен Вачикович мырза шетелдік және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл» конституциялық заңының қабылдануымен құттықтады.

Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастық туралы келісті.

#Ombudsman #Уәкіл #АдамҚұқығы