Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Түркістандағы халықаралық семинарға қатысты

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Түркістандағы халықаралық семинарға қатысты

Ағымдағы жылдың 22-23 қазанында Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Түркі әлемінің болашағы – 2040» атты халықаралық семинар өтті, оған түркітілдес елдердің ғылыми қоғамдастығы, сондай-ақ Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Қырғыз Республикасы омбудсмендерінің өкілдері қатысты.

Екі күндік халықаралық семинарда 2021 жылғы 12 қарашада Ыстамбұлда өткен Түркітілдес мемлекеттер ұйымының VIII саммитінде ұйымға мүше мемлекеттердің (Түркия, Өзбекстан, Қазақстан, Әзірбайжан және Қырғызстан) басшылары қол қойған «Түркі әлемі — пайым 2040» бағдарламалық құжаты шеңберінде түркі әлемін интеграциялау процесі мәселесі қаралды.

«Болашаққа бағдар» мәселесі аясында экономика, денсаулық, сауда, құқық, Халықаралық қатынастар, тарих, тіл, мәдениет және өнер сияқты түрлі тақырыптар бойынша секциялық отырыстар өтті.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Зере Утебаева сөз сөйлеп, түркітілдес елдердегі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша күш-жігерді біріктіруді жалғастыру қажеттігін айтты.

«Соңғы жылдары саяси және әлеуметтік-экономикалық даму жолында бауырлас мемлекеттердің ынтымағы артып, қарым-қатынасының жаңа деңгейге шығып келе жатқанын байқаймыз.Бұл әріптестік адам құқықтарын қорғау саласын да қамтиды. Оның дәлелі ретінде осы жылдың 12 мамырында Түркияның Бурса қаласында құрылған түркі мемлекеттерінің адам құқықтарын қорғау уәкілдерінен құралған Омбудсмендер мен ұлттық құқық қорғаушы қауымдастығын айтуға болады», деп Утебаева хабарлады.

Сондай-ақ, Омбудсмен кеңсесінің өкілі Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында нақты баяндалған мемлекеттің ең жоғары құндылықтары болып табылатынын атап өтті.

#Ombudsman #Уәкіл #АдамҚұқығы