Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Пәкістан Омбудсменімен келіссөздер жүргізді

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Пәкістан Омбудсменімен келіссөздер жүргізді

Бүгін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимованың Пәкістанның Ұлттық қорғаушысы Эжаз Ахмад Курешимен онлайн режимінде кездесуі өтті.

Қазақстан-Пәкістан қарым-қатынасы тарихында мұндай кездесу алғаш рет өтті.

Қазақстандық омбудсмен Эльвира Азимова Омбудсмен қызметінің институционалдық негіздеріне, Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен әлеуметтік қайта құруларға тоқталды, Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі кеңсесінің алдында тұрған негізгі міндеттерді ашып берді.

Өз тарапынан Пәкістанның федералды омбудсмені Ежаз Ахмад Куреши Ислам Республикасындағы Омбудсмен институттарының қалыптасу және даму тарихы, жүргізіліп жатқан жұмыстың ерекшеліктері, табиғи апаттар - Пәкістанның кейбір бөліктерін қамтыған су тасқыны туралы айтып берді.

Келіссөздер барысында тараптар жүйелі негізде ынтымақтастықты жолға қою мақсатында екіжақты шартқа қол қою туралы келісімге қол жеткізді.

Сондай-ақ, қазақстандық тарап Пәкістан визави президенті болып табылатын Азия омбудсмендер қауымдастығына қосылу идеясын қолдады.

#Ombudsma n #Уәкіл #АдамҚұқығы