Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Э.Ә. Әзімова Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы бюроның Орталық Азия бойынша аймақтық өкілі Р.Комендамен кездесті

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Э.Ә. Әзімова Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы бюроның Орталық Азия бойынша аймақтық өкілі Р.Комендамен кездесті

Бүгін, яғни ағымдағы жылдың 14 ақпанында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Э.Ә. Әзімова Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы бюроның Орталық Азия бойынша аймақтық өкілі Р.Комендамен кездесті.

Бұрын 2019 жылдың қараша айында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі әмбебап мерзімді баяндама аясында Қазақстанға адам құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы және тәжірибені жетілдіру бойынша 245 ұсыныс жасаған.

Сонымен бірге Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және Балалар құқықтары жөніндегі уәкілдің мандатын күшейтуге қатысты 15 ұсыным қарастырылды.Ұсыныстардың толық мәтінімен БҰҰ сайтында танысуға болады:

https://www.ohchr.org/RU/HRBodies/UPR/Pages/KZindex.aspx.
Р.Комендаға ұсынымды одан әрі нығайту шараларын әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттың әлеуетін бағалауға көмек ұсынылды.

Азаматтардың құқықтары мен оларды қорғаудың заңды жолдары туралы хабардарлығын арттыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.