ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл көңіл айтты

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл көңіл айтты

Әріптесіміз, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Виктор Зинченко ұзақ аурудан кейін 49 жасында қаза тапты. Ол саналы ғұмырын заң ғылымының өрістеуіне арнаған болатын. В.В. Зинченконың баулыған шәкірттері бүгінде Қазақстанның ең көрнекті ғалымдары санатында елімізге қызмет етуде.

Виктор Викторович еңбек жолын университетте қарапайым оқытушыдан бастап іскерлік және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасының меңгерушілігімен жалғастырды.

Азаматтық құқық саласындағы өзінің тәжірибесін ғылыми еңбектер жазуға арнады. Ол Қазақстанның азаматтық құқық ғылымының дамуына қомақты үлес қосты.

Виктор Викторович 2018 жылы Қазақстан Республикасының Заң шығару және құқықтық ақпарат институтында Құқықтық мониторинг орталығының бас ғылыми қызметкерлігін абыроймен атқарды.

Институтта Виктор Викторовичтің басшылығымен «Заңды тұлғалар туралы заңнаманың мониторингі: теориясы мен практикасы» тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ұсыныстар дайындалды.

Өз атымнан және Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық ұжымы атынан Виктор Викторовичтің туған-туыстары мен  достарына қайғырып көңіл айтамын. марқұмның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Э.Ә. Әзімова,
ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл