
Біздің құрметті серіктесіміз және әріптесіміз Алаев Вениамин Юрьевичтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты жеке өз атымнан және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың атынан жақындарына көңіл айтамын.
Бұл бәріміз үшін, құқық қорғаушы қоғамдастық үшін орны толмас қаза.
Вениамин Юрьевич өз өмірін мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға арнап, қоғамда ерекше із қалдырды.
Қызмет еткен жылдарында Вениамин Юрьевичтің тікелей қатысуымен инклюзивті салада еліміз елеулі өзгерістерге қол жеткізді. Ол біз үшін әрқашан өз ісін шексіз жақсы көрген, адамдарға қызмет етудің және даналықтың үлгісі болып қала береді.
Әріптесіміз Вениамин Алаев туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл,
Эльвира Әзімова