Бүгін Парламент сессиясының отырысы барысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында қаңтар оқиғаларына қатысқандарға қатысты ішінара рақымшылық жасау туралы шешім қабылдады.
Бұл шешім құқық қорғау қоғамдастығы мен айыпталушылар, сотталғандар арасында ерекше атап өтілді.
Қаңтардағы оқиғалар біз үшін үлкен трагедия, сондықтан нағыз құқық бұзушылық жасағандардың әрекеттерін ешкім де ақтамайды.
Өкінішке орай, біраз адам мұндай жағдайға алғаш рет тап болды. Олардың көбі жаппай тәртіпсіздіктерге көпшіліктің ықпалымен және өздерінің басындағы әлеуметтік проблемаларға байланысты қатысқаны анық. Олардың біразы кінәсін түсініп, өкініп отыр.
Рақымшылық жасау туралы шешім - бұл Президенттің өзінің конституциялық құқығын іске асыруымен қатар, адамгершілік және отандастарына сенімділігі деп білемін. Біз өз халқымызға сенуіміз керек.