
Арнайы прокурорлар Алматы облысының полициясында үтік жағумен азаптауды қолдану туралы іс бойынша тергеуді аяқтады.
Талдықорғанда жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа 7-17 қаңтар аралығында полиция қызметкерлерінің азаптаулар қолданғаны дәлелденді.
5 полиция қызметкері күдікті деп танылды (криминалдық полиция басқармасының 3 қызметкері, әкімшілік полиция басқармасының 1 инспекторы және СОБР-нің 1 қызметкері).
Қылмыстық іс сотқа жолданды. Азаптауды қолданудың басқа фактілерін тергеу аяқталуға жақын, деп атап өтті Бас прокуратура.