Түркі мемлекеттері омбудсмендері қауымдастығының және адам құқықтары ұлттық институттарының отырысы туралы

Түркі мемлекеттері омбудсмендері қауымдастығының және адам құқықтары ұлттық институттарының отырысы туралы

2022 жылғы 28 шілде – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова адам құқықтары жөніндегі омбудсмендер қауымдастығының және түрік мемлекеттерінің адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттарының (ТУРКОМБ) кезекті онлайн-отырысына қатысты.

Онлайн-кездесуде омбудсмендер мен Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстанның ұлттық құқық қорғау мекемелерінің өкілдері қауымдастықтың іс-қимыл жоспарын әзірлеуді, сондай-ақ басқа да ұйымдастырушылық мәселелерді іске асыруды талқылады.

Отырыс барысында адам құқықтарын тиімді қорғау саласында тәжірибе алмасу мақсатында қауымдастық мүшелері арасында ағартушылық іс-шаралар мен оқу сапарларын ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар қауымдастық қызметін күшейту бойынша бірқатар ұсыныстар айтты. Отырыста институттың қауымдастық қызметінің жоспарын дайындаудағы рөлі, сондай-ақ басқа да ұйымдастырушылық мәселелерді жүзеге асырудағы рөлі ерекше атап өтілді.

#Ombudsman #АдамҚұқығы #ТУРКОМБ