
2022 жылғы 5 шілде күні Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қызметі жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы комиссияның құрамына: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Әсет Чиндалиев, адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Зере Өтебаева, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев, «Адам құқықтары үшін Хартия» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюро Евгений Жовтис, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Сайн, Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасын тиімді басқару және аумақтық дамыту департаментінің басшысы Айнұр Баймырза, қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Талап Рахым Ошақбаев.
Жасырын дауыс беру нәтижелері бойынша азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу бойынша ҰАТ қызметіне қатысуға өз өтінімдерін ұсынған азаматтар қатарынан Қазақстанның 10 азаматы сайланды.
Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жаңартылған тізімі Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сайтында сілтеме бойынша қолжетімді болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/activities/1030?lang=ru.
#Омбудсмен #Уәкіл #АдамҚұқықтары #Ombudsman #ҮйлестіруКеңесі #ҰАТ