
Ташкент, 2022 жылғы 28-29 маусым – Орталық Азия елдері омбудсмендерінің бірінші форумы барысында Қазақстан омбудсмені Эльвира Әзімова мен Өзбекстан омбудсмені Феруза Эшматова адам және азамат құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Екі институттың ынтымақтастығы екі жақты мемлекеттің аумағында өз азаматтарының құқықтарын қорғауға, адам құқықтары және елдердің заңнамалары туралы білім алмасуға, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қолдауға жәрдемдесетін болады.
#Омбудсмен #Уәкіл #АдамҚұқықтары #Ombudsman #CentralAsia