Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының омбудсмендері Түркістан қаласының әкімімен кездесті

Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының омбудсмендері Түркістан қаласының әкімімен кездесті

2022 жылғы 21 маусым – Түркістан қаласына сапары барысында Қазақстан мен Түркияның адам құқықтары жөніндегі уәкілдері қала әкімі Нұрбол Тұрашбековпен кездесті.

Тараптар жергілікті атқарушы органдардың адам құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін іске асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі қала әкімімен Түркістан қаласында Түркістан облысы бойынша уәкілдің өңірлік өкілдігін ашуға қолдау көрсету туралы уағдаласты. 

Кездесу барысында қатысушылар жергілікті деңгейде адам құқықтары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша пікір алмасты. Түркия омбудсмені Республикалық референдумның нәтижелерін оң бағалап, жаңа бастамаларды іске асыру жөніндегі жұмысты құптады.

Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес өңірлік өкілдіктердің ашылуы 2021 жылғы 26 желтоқсанда қабылданған «Адам құқықтары жөніндег і уәкіл туралы» Заңға енгізілгенін еске саламыз.