Қазақстандық Омбудсмен жыл сайынғы «ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты

Қазақстандық Омбудсмен жыл сайынғы «ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты

2022 жылғы 24 маусым – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова «ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» тақырыбындағы жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы ұйымдастырды және жыл сайын Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні қарсаңында өткізіледі. Бұл күн жыл сайын, 26 маусымда БҰҰ қамқорлығымен мемлекеттер мен ұйымдардың назарын Азаматтық және құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдарды, қоғам мен азаматтарды тарта отырып, есірткі және синтетикалық құралдардың заңсыз айналымына және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимылдың өзектілігіне аудару мақсатында атап өтіледі.

2021 жылы осы күн қарсаңында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ведомствоаралық жұмыс тобы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу шараларын жетілдіру жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған Жол картасын бекітті.

Жол картасы бірқатар практикалық, заңнамалық және халықаралық бастамаларды қамтиды. Жол картасын іске асыру мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл қалды. Осыған байланысты Уәкіл қоғам мен азаматтарды кеңінен тарта отырып, алдын алу шараларының кезекті пакеті бойынша жұмысты бастаудың орындылығын атап өтті.

«Қазірдің өзінде іс-шараларды іске асырудың тиімділігіне мониторинг жүргізуді және жаңа тәсілдерді, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, БАҚ-ты дамыту саласындағы басқа да мемлекеттік бағдарламалармен, отбасын нығайту мен бала құқықтарын қорғауға байланысты жекелеген бағдарламалармен ұштастыру бөлігінде талқылауды бастаған орынды. Тек құқық қорғау органдарының жұмысына ғана назар аудару тиімсіз.

БҰҰ органдары адам құқықтарын есірткіні бақылаудың халықаралық саясатының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. 2008 жылы есірткі құралдары жөніндегі Комиссия өзінің 51/12 қарарында есірткінің әлемдік проблемасын адам құқықтарын толық сақтай отырып, көпжақты тәртіппен шешу қажеттігін атап өтті.

Сондықтан құқық қорғау ұйымдарының алаңдаушылығы тек жазалау шараларына бағдарланғандықтан Есірткіні бақылау саясатының теріс салдарын тудырады. Мұндай тәсіл зорлық-зомбылықтың тым жоғары деңгейіне әкелуі мүмкін», – деді Эльвира Әзімова.

#Омбудсмен #Уәкіл #АдамҚұқығы