Қазақстанның қатысуымен Венеция комиссиясының 131-ші пленарлық сессиясы өтті

Қазақстанның қатысуымен Венеция комиссиясының 131-ші пленарлық сессиясы өтті

Пленарлық сессияда Венеция комиссиясы Косово Конституциясына түзетулер жобасы, Молдова Республикасының сот билігі туралы кейбір нормативтік актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобасы, Молдова Республикасының прокуратурасы туралы Заңға түзетулер жобасы, Моңғолияның саяси партиялары туралы заң жобасы, Түркияның сайлау заңнамасына түзетулер және басқа да құқықтық актілер бойынша бірқатар қорытындыларды талқылап, қабылдады.

Венеция комиссиясы мүшесінің Қазақстан Республикасынан орынбасары, Конституциялық Кеңес мүшесі - Унзила Шапак баяндама жасап, еуропалық орган мен халықаралық заң қауымдастығын елімізде жүргізілген конституциялық реформа туралы хабардар етті. Баяндама комиссия басшылығы мен отырысқа қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Венеция комиссиясы сессия шеңберінде Қазақстаннан Венеция комиссиясының мүшесін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Роговты бұрын осы кіші комиссияның вице - президенті болған омбудсмен институты жөніндегі Кіші комиссияның президенті етіп сайлады.

Венеция комиссиясының басшылығы Қазақстанда өтіп жатқан өзгерістерге оң баға беріп, қажет болған жағдайда сараптамалық көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Дереккөз: https://www.caravan.kz/news/costoyalas-131ya-plenarnaya-sessiya-venecianskojj-komissii-s-uchastiem-kazakhstana-854429/