Еуропалық одақ Қазақстандағы референдум қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады

Еуропалық одақ Қазақстандағы референдум қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады

Еуропалық сыртқы байланыстар қызметі Қазақстандағы республикалық референдумның қорытындылары бойынша мәлімдеме жариялады.

Мәлімдемеде ЕО 5 маусым, жексенбі күні Қазақстанда өткен конституциялық референдумның қорытындыларын назарға алатындығы айтылған.

«Бұл референдумда Қазақстан халқы елдегі демократияны нығайтуға бағытталған маңызды конституциялық түзетулерді қолдады.

ЕО 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін басталған әлеуметтік-экономикалық реформаларға қосымша саяси реформаларды қолдайды», – делінген хабарламада.

Референдум қорытындысы бойынша Еуроодақтың мәлімдемесі: https://www.eeas.europa.eu/eeas/kazakhstan-statement-spokesperson-constitutional-referendum_en

Еуроодақта сондай-ақ қоғамның пікірін тікелей сұрап, ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ны референдумды бақылауға шақыру туралы шешім қабылданды. Болашақта Қазақстан үшін ЕҚЫҰ ДИАҚБ ұсынымдарын толық орындау аса маңызды болады.

«Қазақстан Еуропалық Одақ үшін маңызды әрі құнды әріптес болып қала береді. Біз кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімімізге сәйкес, соның ішінде бейбіт жиындардың негізгі бостандықтарын қамтамасыз ету, пікір білдіру және қауымдастықтар, сондай-ақ өзара байланыстылықты, сауда мен ынтымақтастықты дамыту салаларындағы міндеттемелерді орындау бойынша жұмыс істейміз», – деп толықтырды ЕО ресми өкілі.

Бұған дейін Қазақстанда республикалық референдумның түпкілікті қорытындылары айтылған болатын.

Сайлау құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 985 769-ы дауыс берді. Келу 68,05 пайызды құрады.

Азаматтардың 77,18 пайызы (6 163 516 адам) Конституцияға өзгерістер енгізуге дауыс берді. Түзетулерге қарсы – 18,66 пайыз (1 490 470 адам). Бюллетеньдердің 2,58 пайызы жарамсыз деп танылды. Бюллетеньдердің 1,58 пайызы дауыстарды санау кезінде ескерілмеген.

https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/evrosoyuze-sdelali-zayavlenie-itogam-referenduma-kazahstane-470457/