Қазақстан омбудсмені мен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі гендерлік білім орталығын құру мүмкіндігі мен перспективаларын талқылады

Қазақстан омбудсмені мен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі гендерлік білім орталығын құру мүмкіндігі мен перспективаларын талқылады

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 1 маусым – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әзімова БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ құрылымының Гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі Атқарушы Директорының орынбасары Анита Бхатиамен кездесті.

Омбудсмен және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі гендерлік білім орталығын құру перспективаларын талқылады. А.Бхатияның пікірінше, мұндай орталықтың ашылуы Қазақстанға «гендерлік теңдікті өлшеу және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту құралдары» (GEWE) бағдарламасының мақсаттарын іс жүзінде сәтті жүзеге асыруға және білімді тарату арқылы әйелдер мен қыздарға қатысты Адам құқықтары саласындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша міндеттерді іске асыруға мүмкіндік береді.

«Орталықтың жұмысы әйелдер мен ерлерге адам құқықтары туралы тұрақты білім алуға және оларды әзірлеу, келісу және шешім қабылдау процесіне қатысу кезінде қоғамдағы орнықты экономикалық және әлеуметтік жағдайға қол жеткізу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Жоба БҰҰ-ның стратегиялық қолдауымен іске асырылған жағдайда біз теңдік және кемсітпеу туралы білімді ілгерілету мәселесіне жүйелі көзқарасты қамтамасыз ете аламыз, бұл әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында маңызды болып табылады», – деп толықтырды Э.Әзімова.