Омбудсменнің Freedom Now делегациясымен кездесуі туралы

Омбудсменнің Freedom Now делегациясымен кездесуі туралы

Нұр-Сұлтан, 6 сәуір күні Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі Эльвира Әзімова «Freedom Now» үкіметтік емес ұйымының атқарушы директоры Марана Тернермен және ұйымның адам құқықтары мәселелерін ілгерілету жөніндегі директоры Мэтью Шаафпен кездесті.

Кездесу барысында адам құқықтарын қорғау, қабылданған міндеттемелерді орындау және сақтау мәселелері талқыланды. Э.Әзімова өзінің қызметі туралы, уәкіл және оның аппараты тұлғасындағы Қазақстандағы ұлттық құқық қорғау институтының мәртебесін реттейтін құқықтық база, үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық, қаңтар оқиғаларына байланысты жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді.

Ұйым өкілдері сондай-ақ қылмыстық айыптауларға немесе сот үкімі бойынша қылмыстық жазаны өтеуге байланысты күзетпен ұсталатын азаматтарға қатысты адам құқықтарының сақталуындағы жағдайға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша диалогты, оның ішінде басқа үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.