Қазақстан омбудсмені түркітілдес елдер ұйымына мүше мемлекеттердің әріптестерімен кездесті

Қазақстан омбудсмені түркітілдес елдер ұйымына мүше мемлекеттердің әріптестерімен кездесті

2022 жылғы 21 ақпанда ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әзімованың түркітілдес елдер ұйымына қатысушы мемлекеттердің омбудсмендерімен онлайн-кездесуі өтті. Омбудсмендер түркі тілдес елдер ұйымының омбудсмендер қауымдастығын құру туралы мәртебе жобасын талқылады.

Кездесуге Түркияның Бас омбудсмені Шереф Малкоч, Әзербайжанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі (омбудсмен) Сабина Алиева, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Олий Мажлиса (Омбудсмен) Феруза Эшматова және Өзбекстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы директорының бірінші орынбасары Мирзатилло Тиллабаев қатысты.