
Шымкент, 2022 жылғы 17 қаңтар – Елдегі бейбітшілік пен тыныштық, тәртіп пен заңдылық заң шығарушы және атқарушы билікке ғана емес, Қазақстанның әрбір азаматына да байланысты. Бұл азаматтық жауапкершілік. Болған оқиға әрқайсымыз үшін сабақ болуы тиіс. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова мәлімдеді.
«Адам өмірі жоғары құндылық болып табылады - бұл өзгермейтін ақиқат Қазақстан Республикасы Конституциясының негізі болып табылады. Қаңтар айының басында елімізде болған қайғылы оқиғалар Қазақстан мен әлемдік қауымдастықты дүр сілкіндірді. Әскери қызметшілер мен полиция қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да лаңкестердің құрбандары болды. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Зардап шеккендер тез сауығып кетсін.
Қазақстан Президенті тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін ұсталғандарға қатысты нақты айтты: «ауыр қылмыс жасаған адамдар заңға сәйкес қатаң жазаға тартылады. Басқалардың кінәсін Бас прокуратура анықтайды және ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда, жазаны жеңілдету жөнінде шаралар қабылдайды. Кінәсіз адамдар босатылады», - деді ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.
Оның айтуынша, 91 адам босатылды, 70-тен астамның әкімшілік жазасы жеңілдетілді.
«Біз бұл процестің жалғасқанын қалаймыз: террористер, тонаушылар мен бейбіт митингіге қатысқандар анықталуы керек. Өкінішке орай, біз уақытша ұстау изоляторларына барып, тұтқындалғандармен сұхбаттасқанда, олар өз азаматтық жауапкершілігін аяғына дейін сезінбегендерін, Қазақстан халқынан кешірім сұрауға дайын екендіктерін айтты. Көбісі ұрлық үшін ұсталған. Сондықтан оларға нақты назар аудару керек. Бұл бас прокуратура мен жергілікті аумақтық прокуротарулардың міндеттемесі. Бұл күндері біз азаматтық қоғам өкілдерімен бірге ұсталғандар орналасқан мекемелерге баруды жалғастырудамыз. Бірнеше күннің ішінде біз 11 өңірде осындай 34 мекемеде болдық. Сондықтан прокуратура қатыгездік туралы барлық сигналдарды тексеріп, оларға құқықтық баға беріп, нәтижелерін жариялауы керек. Бұл жұмысты формальды түрде жүргізбеу керек. Мұндай тәсіл ашықтық пен бейтараптықтың кепілі болып табылады», - деді Әзімова.
Адвокаттардың қорғалушыларына кіруіне шектеу қою, ұсталғандардың орналасқан жері туралы туысқандарын хабардар етпеу, ұсталғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда медициналық көмек көрсетпеу немесе негізсіз ұстау туралы шағымдар келіп түсуде. Қатыгездік таныту бойынша 21 өтініш келіп түсті. Мұндай фактілерге жол берілмеуге тиіс. Барлық арыздар мен шағымдар Бас прокуратураға және ІІМ жолданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мәлім етті.
«Кеше брифинг барысында прокуратура өкілі хабарлағандай, Алматы қаласы прокуратурасының тексеру нәтижелерін ескере отырып, 71 азаматқа әкімшілік жаза шаралары жеңілдетілді, 91 азамат босатылды. Бұл өте маңызды, өйткені ең бастысы – халықтың әділеттілік пен заңдылыққа деген сенімі. Біз Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктеріне, Бас прокуратураға барлық қабылданған шаралар туралы БАҚ-та толыққанды хабарлау туралы өтініш білдірдік. Соңғы күндері көріп отырғанымыздай, бұл өтініш естілді. Барлық азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын барынша қамтамасыз ету өте маңызды, бірінші кезекте қылмыстық немесе әкімшілік сот төрелігіне іліккен адамдар туралы сөз болып отыр. Шетел азаматтары үшін де осындай ақпарат қажет. Сондықтан шетел азаматтарын ұстау туралы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге дереу хабарлау керек», - деді Омбудсен.
Тәртіпсіздік болған күндері ақпарат жүйесінің зақымдалуына байланысты, Алматы мен Нұр-Сұлтандағы арнайы мекемелерге бару көрсеткендей, ұсталған азаматтардың көпшілігін идентификациялауда уақытша қиындық туындаған. Сондықтан көбінің туыстары олардың ұсталғаны туралы ақпаратты кеш алды. Мұндай жағдай медициналық мекемелерде де болды.
«Азаматтар бұл мекемелерге құжаттарсыз түсіп, ең бірінші медициналық көмек көрсету мәселесі туындаған. Туысқандарына хабарлау мүмкін болмады.... Тәртіпсіздіктер басталған алғашқы күндерден бастап ТЖ режимі енгізілгенге дейін ішкі істер органдары тек өлімге әкелмейтін қару-жарақтар қолданылды. Бұл туралы ІІМ және Бас прокуратура бірнеше рет брифингте айтып кетті. Қазіргі уақытта тәртіпсіздіктер кезінде ұстауға байланысты азаматтардың шағымдарына жедел ден қою үшін министрдің нұсқауы бойынша ІІМ барлық аумақтық бөлімшелерінде және орталық аппаратта халықпен үздіксіз жұмыс істейтін мониторингтік топтар құрылды. Осыған орай, бүгін ІІМ телефон арқылы әңгімелесу барысында ІІМ-нің 102 қызметтері мен ведомстволық сайттарында қайғылы оқиғалардың фотосуреті мен бейнематериалдары анонимдік түрде қабылданатыны айтылды. Әрқайсымыз заңдылықты қалпына келтіруге көмектесуіміз керек. Сіздердің өтініштеріңіз бен сигналдарыңыз - бұл болашақта бұзушылықтар мен заңсыздықтардың алдын алуға қосқан үлесіңіз. Заңды және басқа азаматтардың құқықтарын құрметтеу жеке қорғаудың кепілі болып табылады. Біз әділетсіз айыптаулар мен сыннан аулақ болуымыз керек. Біз бірігуіміз және барлық күш-жігерімізді сындарлы арнаға бағыттауымыз керек. Бұл біздің ел және біздің қауіпсіз болашағымыз үшін өте маңызды», - деп түйіндеді Әзімова.
Арнайы мекемелерге бару жалғасуда. Бұл адам құқықтары мен конституциялық кепілдіктердің қорғалуына, қатыгездікке жол бермеуге және жабық мекемелерде ұстаудың басқа да кепілдіктеріне тәуелсіз бақылауды қамтамасыз ету үшін маңызды. Ұлттық алдын алу тетігінің топтары Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үйлестіруімен 11 өңірдегі 34-тен астам арнайы мекемелер мен тергеу изоляторларына барды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Сана Сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» ҚБ директоры, Ұлттық алдын алу тетігі бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі Шахноза Хасанова мәлімдеді.
«Біздің міндетіміз - өтініштер мен шағымдарды жинау ғана емес, сонымен қатар құқық қорғау органдарына қоғамдық бақылау туралы үнемі еске салу, бұзушылықтардың одан әрі жасалуының алдын алу, ал өтініштерді алған жағдайда олар туралы дереу хабарлау. Бас прокурор мен ішкі істер министрінің атына азаматтар мен азаматтық белсенділердің өтініштерін ескере отырып, мәселелерді шешу жөніндегі уәкілдің кәсіби заң көмегін алу азаматтардың конституциялық құқығы болып табылатындығын ескере отырып, адвокаттардың қорғалғандарға кіруіне рұқсат беру; адвокаттардың міндетті қатысуымен сот талқылауларын жүргізу; ұсталғандар, босатылғандар, сотталғандар, әкімшілік қамаудағылар, медициналық мекемелердегі, қайтыс болғандар бойынша халық үшін өзекті ақпаратты мерзімді жариялау. ҰАТ қатысушыларының полиция және ҰҚК органдарының арнайы мекемелері мен үй-жайларына кедергісіз баруы; Ресми интернет-ресурстарда жедел штабтардың, call-орталықтардың нөмірлерін жариялау сияқты сауалдары жолданды», - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі.
Жорамалдардың жолын кесіп, жаппай тәртіпсіздік болған күндері құқық қорғау органдарының ахуалы мен іс-әрекеттерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етуіміз керек. Бұл үшін Ол үшін төтенше жағдайлар мен жаппай тәртіпсіздіктер кезеңінде жұмыс тәжірибесі бар тәуелсіз сарапшыларды тарту маңызды. Халықаралық сарапшыларды да тартуға болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Адам құқықтары жөніндегі Хартия» Қоғамдық қорының басшысы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Ұлттық алдын алу тетігі бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі Жеміс Тұрмағамбетова мәлімдеді.
Оның пікірінше, Бас және төменгі прокуратуралар әкімшілік құқық бұзушылық үшін ұсталғандардың материалдарын шұғыл түрде қарастырып қана қоймай, әкімшілік құқық бұзушылыққа кінәлілерге қатысты қамауға алудың орнына балама жазалау шараларын қолдану мәселесін қарастыруды тездетуі керек.
«13 қаңтарда біз адам құқықтары жөніндегі уәкілмен бірге ТИ-18 тергеу изоляторына және Алматыдағы УҰИ уақытша ұстау изоляторына бардық. Қазіргі кезде ұлттық алдын алу тетігі топтарындағы әріптестеріміз басқа 11 өңірдегі арнайы мекемелер мен тергеу изоляторларына баруда. Алдағы күндері тағы бес өңірде болады. Қоғам белсенділері 34-тен астам мекемеге келді. Мысалы, Алматыда 5 қаңтардан 13 қаңтардың бірінші жартысына дейін ТИ-18 жеткізілгендер саны 77 адам болды. Сол күні прокурордың наразылығы бойынша 53 адам тергеу изоляторынан босатылды. Дәрігерлер, соның ішінде №7 Қалалық клиникалық аурухананың мамандары қарап, қабылдау өткізді. Ұсталған 68 адамға диагноз қойылып, тиісті емдеу тағайындалып, ұсыныстар берілді. Адамдардың 90%-ы ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі Ұрлық бойынша ұсталды. Бұл күндері халықтың құқық қорғау органдары мен соттардың іс-әрекеттері туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету өте маңызды. Құқық қорғау және басқа да мемлекеттік құрылымдардың халықпен қарым-қатынасының жеделдігі мен сапасын арттыру қажет. Ішкі істер министрі өз қауіпсіздігі департаменті мен жергілікті басқармаларға үнемі байланыста болуды және дереу жауап беруді тапсырды. Орталық және өңірлік деңгейлерде теледидар мен әлеуметтік желілерде «Сіз шағымданасыз – біз жауап береміз» деген сияқты апта сайын 10 минуттық эфир жүргізу қажет деп санаймын. Қарапайым тілмен шағымдар туралы байланыс орталықтарына, БАҚ-қа және әлеуметтік желілерге тексеру нәтижелері туралы хабарлауымыз керек. Бұл адамдарды тыныштандырады», - Ж.Тұрмағамбетова атап өтті.
Белсенді құқық қорғау мәселелері бойынша азаматтар үшін жедел желілерді барынша қамтамасыз ету қажеттігін жеткізді. Атап айтқанда, құқықтық көмек пен консультациялар беру, құжаттандыру, ақпарат жинау және өңдеу (бейне және аудио, мониторлардың, журналистер мен куәгерлердің куәліктері); өмір сүру құқығын қамтамасыз ету; азаптаудан және қатыгездіктен арылу құқығын қамтамасыз ету; бірінші жауап алуға дейін өз таңдауы бойынша білікті заң көмегіне және адвокатпен құпия кездесуге құқықты қамтамасыз ету; қоңырау шалу құқығын қамтамасыз ету, яғни туыстарына ұсталған адамның тұрған жері туралы; ақпаратқа қол жеткізу құқығын және журналистердің құқықтарын қамтамасыз ету.
«Жоғарыда айтылғандардың бәрін халықтың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін нығайту мақсатында жасау керек. Оқиғаның себептерін объективті және әділ анықтау, барлық мән-жайларды анықтау, билік органдарының, құқық қорғау органдарының, наразылық акциясына қатысушылардың іс-әрекеттерін талдау, тергеу және сот процестері барысында іргелі құқықтарды сақтау болашақта осындай қайғылы оқиғалардың алдын алуды қамтамасыз етеді», - деп түйіндеді Жеміс Тұрмағамбетова.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баяндамасы: https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/documents/details/253105?lang=kk
Ж. Тұрмағамбетованың Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте баяндамасы: https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/documents/details/253128?lang=kk
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ш. Хасанованың баяндамасы: https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/documents/details/253113?lang=kk