2022 ЖЫЛДЫҢ 10 ҚАҢТАРЫ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

2022 ЖЫЛДЫҢ 10 ҚАҢТАРЫ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

Құрметті қазақстандықтар!

Елімізде орын алған оқиғалар Қазақстанды, әлем жұртшылығын дүр сілкіндірді. Халқымыз бен мемлекетіміздің тыныштығы мен тұрақтылығына, еліміздің тарихы мен тәуелсіздігіне қасақана лаңкестік әрекеттер жасалды.

Ел экономикасына ғана емес, Қазақстанның баға жетпес мәдени мұрасына да үлкен залал келтірілді.

Біз адамгершілікке жатпайтын қатыгездіктің, ашкөздіктің және басқа да жаман қылықтардың куәсі болдық.

Қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстарына, әскерилер мен бейбіт тұрғындарға қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.

Адам өмірін бағалап, осынау қасіретті күндерде қаза болғандарды еске алайық. Зардап шеккен қазақстандықтардың сауығып кетуіне шын жүректен тілектеспіз.

Қорытындылар шығарылады. Заң мен әділдік үстем болуы керек. Біз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі жағдайды тұрақтандыру жөніндегі саясатын қолдаймыз.

Бірлігіміз бен ынтымағымыз болуы керек. Бұл біздің күшіміз және мемлекетіміздің тұтастығының сақталуы.

Сіздерден төтенше жағдайдың заңдылығы мен талаптарын сақтауыңызды сұраймыз, бұл жағдайды тезірек тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қалпына келтіруге ықпал етеді. Бұл біздің еліміз және біздің болашағымыз!

Құрметпен, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі Эльвира Азимова

#КүшімізБірлікте   

#СилавЕдинстве