ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ #Зорлық-ЗомбылықтыБіргеТоқтатайық

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ #Зорлық-ЗомбылықтыБіргеТоқтатайық

Биылғы жылдың 15 қыркүйегінде ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл халықаралық #БірлесіпЗорлық-зомбылықтыТоқтатамыз атты онлайн-конференцияға қатысты.

Конференция Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған "Жарық сәулесі" (Spotlight Initiative) Өңірлік бастамасы шеңберінде ұйымдастырылды.

"Жарық сәулесі" (Spotlight Initiative) жобасы 2030 жылға қарай әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін тоқтатуға бағытталған, жоба Еуропалық Одақ пен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы жаһандық көпжылдық әріптестік шеңберінде іске асырылуда. Іс-шараны Қазақстанның, Орталық Азия мемлекеттерінің үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен "НемолчиАзия" коалициясы, сондай-ақ БҰҰ-ның елдік өкілдері-әйелдер ұйымдастырды. Конференцияға үкіметтік емес ұйымдар, омбудсмендер, Парламент депутаттары, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттерінің ішкі істер министрліктері мен басқа да мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар заңнаманы және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл практикасын жетілдіру, сондай-ақ қоғамда зорлық-зомбылыққа "нөлдік" төзімділікті қалыптастыруға жәрдемдесу мәселелерін талқылады.

Конференция қорытындысы бойынша төрт елдің үкіметтік емес ұйымдары аймақтағы өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойды.