
Биылғы жылдың 9 шілде күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Э.А. Әзімова және Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қатысушылары Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының мемлекеттік органдарының басшыларына азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша Мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау органдарының қарамағындағы арнайы мекемелердің және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің екі облыстағы мониторинг нәтижелерін таныстырды.
Қазіргі уақытта ҰАТ мандатымен қамтылған екі өңірдегі мекемелердің жалпы саны - 561 (Батыс Қазақстан облысы бойынша - 221; Қарағанды облысы бойынша - 340).
Анықталған бұзушылықтар мен жағдайды жақсарту бойынша ұсынымдарды талқылау онлайн форматта өтті.
Батыс Қазақстан облысы бойынша кездесу барысында ҰАТ қатысушылары 2019 және 2020 жылдардағы ҚАЖ мекемелерінің бірінде жаппай тінту іс-шаралары нәтижесінде болған қатыгез қарым-қатынас фактілерінің 2019 және 2020 жылдардағы мониторинг қорытындыларына ерекше назар аударды. ҚАЖД және облыс прокуратурасының өкілдері қабылданған шаралар туралы, оның ішінде сотталғандардың хабарламаларын және ҰАТ уәкілі мен қатысушыларының 2020 жылдың бірінші тоқсанында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, ҚАЖД және прокуратураның, облыстың денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет басқармаларының, ҚР Ұлттық ұланының басшылығымен кездесулердің нәтижелерін ескере отырып хабардар етті. Атап айтқанда, аталған фактілерді қылмыстық тергеу, кінәлі тұлғаларды жазалау, тиісті органдардың басшылары мен қызметкерлерін жұмыстан босатуға дейін шаралар қабылданды, осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында ведомстволық бұйрықтарға өзгерістер енгізілді.
Сондай-ақ, екі өңірдің ҰАТ қатысушылары азаматтардың болу жағдайларына байланысты әлеуметтік мекемелерде анықталған бұзушылықтар туралы хабарлады. Олар осындай бұзушылықтардың алдын алу бойынша өз ұсыныстарын айтты.
Өкінішке орай, ұсынымдардың бір бөлігі жергілікті бюджеттен осы мекемелерді ұстауға қаражат бөлудің жеткіліксіздігіне қатысты болғанына қарамастан, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері өңірлік кездесуге қатыспады. Жыл сайын ҰАТ қатысушылары өз ұсынымдарында адам құқықтарының жүйелі түрде бұзылу тәуекеліне әкеп соғатын мұндай тәсілге жол берілмейтіндігін көрсетеді. Қарағанды облысы бойынша кездесу барысында ҰАТ қатысушылары мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлерін адам құқықтары саласындағы білімге тұрақты оқыту, Қазақстанның БҰҰ халықаралық шарттары шеңберінде қабылдаған міндеттемелері туралы хабардар ету қажеттігіне назар аударды. Олар мекеме қызметкерлерімен ағартушылық кездесулер өткізуге дайын екендіктерін білдірді.
Екі өңірлік кездесудің қорытындысы бойынша аумақтық органдар мен мекемелердің басшылары айтылған ұсынымдармен келісті. ҰАТ шеңберінде мекемелердің мониторингі жалғасатын болады. Бұрын ҰАТ шеңберінде мониторинг нәтижелерін талқылау тек республикалық деңгейде жүргізілгенін атап өткен жөн. Уәкілдің бастамасы бойынша өңірлік формат 2021 жылдан бастап қосымша енгізілді. Мұндай тәсіл анықталған бұзушылықтарды орталық деңгейде де, жергілікті деңгейде де жан-жақты талдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ҰАТ қатысушылары мекемелер мен аумақтық органдардың әкімшіліктері тарапынан да кері байланыс ала алады.
2019-2020 жылдардағы қызмет қорытындылары бойынша шоғырландырылған баяндаманың мәтіні барлық өңірлік кездесулер аяқталғаннан кейін жарияланатын болады.
Анықтама үшін: ұлттық заңнамаға сәйкес ҰАТ қатысушылары жыл сайын өздерінің мекемелерге мониторингтік бару қорытындылары бойынша шоғырландырылған баяндама дайындайды. ҰАТ қатысушылары мұндай сапарларды тұрақты түрде, оның ішінде адам құқықтарының нақты бұзылуы туралы өтініштер негізінде жасайды. ҰАТ қызметінің негізгі мақсаты-бұзушылықтар анықталған жағдайда олар туралы хабарлау және кейінгі бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша ұсынымдар енгізу арқылы. ҰАТ қатысушыларының қызметіне тәуелсіз қоғамдық бақылау нысандарының бірі ретінде кедергі келтіргені үшін лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі көзделген.