
Балаларды қорғау күні жаздың бірінші күніне келеді. Ол бүкіл әлемде 1950 жылдан бері аталып келеді. Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) қамқорлығымен Халықаралық балаларды қорғау күнін бекіту туралы шешім қабылданғанына тура 72 жыл толады. Сол кезден бастап балалардың құқықтарын, өмірі мен денсаулығын қорғау БҰҰ қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Бала құқықтары халықаралық құқық деңгейінде қаралған алғашқы және негізгі халықаралық-құқықтық құжат 1959 жылы БҰҰ қабылдаған Бала құқықтары декларациясы болды. Бала құқықтары туралы конвенцияны БҰҰ 1989 жылғы 20 қарашада қабылдады. Бұл екі базалық халықаралық шарт, олардың негізінде кейіннен баланың құқықтарын қорғаудың жекелеген мәселелері бойынша арнайы халықаралық шарттар қабылданды. Қазақстан Конвенцияға қатысушы болып табылады және 2002 жылы "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы"Қазақстан Республикасының Жеке Заңын қабылдады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында баланы қорғау мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі ретінде бекітілген. Әрбір бала бақытты және дені сау балалық пен жастық шаққа, сапалы білім мен дамуға құқылы.
Әр бала отбасында өмір сүреді. Егер қиын жағдай оны осы құқығынан айырса, біз оған жаңа үміт пен жылулық сыйлауымыз керек.
Құрметті балалар мен ата-аналар,
Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ізгі тілекпен, Эльвира Әзімова және Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының ұжымы.