Адам саудасы үшін қылмыстық қудалауды күшейту аясындағы ұлттық диалог

Адам саудасы үшін қылмыстық қудалауды күшейту аясындағы ұлттық диалог

2021 жылдың 28 мамыр күні адам саудасы үшін қылмыстық қудалауды күшейту және Қазақстанда адам саудасы құрбандарын сәйкестендіруді жақсарту үшін ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен ұлттық диалог өтті.

Аталған іс-шараны ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, ҚР-дағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен ҚР-дағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым өткізеді.

Диалог шеңберінде халықаралық сарапшылар Виталий Касько мен Ханна Антонова Қазақстан Республикасында адам саудасына байланысты қылмыстар үшін қылмыстық қудалау және адам саудасының (әлеуетті) құрбандарын анықтау бойынша талдау мен ұсынымдар жасады.

Сондай-ақ, адам саудасының құрбандарын анықтау мен соттық қудалаудың перспективалық тәжірибелері, Әзірбайжанның, Аджар Автономиялық Республикасының, Грузия мен Молдованың халықаралық тәжірибесі ұсынылады.

Дереккөз: https://www.facebook.com/100005065631124/posts/1871436216368548/?d=n