
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Ереженің 35-тармағына сәйкес уәкілдің жанынан консультативтік-талдау функциялары бар және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдардан тұратын сараптамалық кеңес құрылуы мүмкін.
Қазіргі уақытта Сараптамалық кеңестің құрамы жаңартылғанын хабарлаймыз (https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/documents/details/170662?lang=ru).
Сіздің ұсыныстарыңыз бен материалдарыңызды Сараптамалық кеңестің қарауы үшін мына мекенжайға жібере аласыз: Aenurzhanov@gmail.com, байланыс телефоны: 8-7172-74-05-48.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық