Президент Қ.Тоқаевтың Конституциялық кеңеске жолдаған үндеуі іс жүргізуге қабылданды

Президент Қ.Тоқаевтың Конституциялық кеңеске жолдаған үндеуі іс жүргізуге қабылданды

Конституциялық Кеңес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін іс жүргізуге қабылдады. Бұл заңды Парламент 2021 жылғы 8 сәуірде қабылдады. Бұған дейін Қазақстан адвокаттары Заң ережелеріне қатысты сын айтқан болатын.

Қазіргі уақытта Конституциялық Кеңестің отырысына материалдар дайындалуда.

Осыған байланысты Конституциялық Кеңес құқық қорғау, ғылыми және өзге де ұйымдар мен аталған мәселелерге маманданған азаматтар өз қорытындыларын Конституциялық Кеңеске е-mail-ге жолдай алады деп хабарландыру жасады: gulmira@ksrk.gov.kz.

Дереккөз: https://www.zakon.kz/5068445-tokaev-obratilsya-v-konstitutsionnyy.html

https://ksrk.gov.kz/ru/ru/news/obraschenie-prezidenta-respubliki-prinyato-k-proizvodstvu