
"Мұра қоры" американдық зерттеу орталығының (Heritage Foundation) 2020 жылғы экономикалық еркіндік индексі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан өз көрсеткіштерін 20 позицияға жақсартып, 180 – ден 39-шы орынға ие болды (2019 жылғы рейтинг-59-шы орын).
Heritage Foundation Қазақстанның 2020 жылғы рейтингтегі позициясын жақсарту тұрғысынан алғанда анағұрлым маңызды оң серпіні бар 10 елдің біріне айналғанын атап өтті.
Оң серпін фискалдық тұрақтылық, меншік құқығын қорғау, мемлекеттік органдардың тиімділігі, мемлекеттік шығыстардың тиімділігі, бизнес бостандығы, сауда еркіндігі, сот жүйесінің тиімділігі сияқты көрсеткіштер бойынша байқалды.
Тұрақты динамика Инвестициялар еркіндігі, қаржы секторының еркіндігі сияқты көрсеткіштер бойынша байқалды.
Салыстыру үшін, 2020 жылғы экономикалық еркіндік индексі бойынша елдер рейтингінде Ресей Федерациясы 94 – орынды, Өзбекстан Республикасы – 114 – орынды, Беларусь Республикасы-88-орынды, Қырғыз Республикасы-81-орынды иеленді.
В топ 5 стран с наиболее высоким уровнем экономической свободы вошли Сингапур, Гонконг, Новая Зеландия, Австралия, Швейцария.