
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Құрмет" ордені табысталды:
Өтебаева Зере Орынтайқызы - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы, саяси ғылымдарының кандидаты;
Рубежанская Любовь Алексеевна - "Луч надежды" қоғамдық қорының басшысы, Ақмола облысының Азаматтық альянсының құрылтайшысы.
Құрметті Любовь Алексеевна және Зере Орынтайқызы! Шын жүректен құттықтай отырып Сіздерге зор денсаулық пен табыс тілейміз!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері