
2020 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Әзімова Эльвира "Мемлекеттік басқарудың құқықтық аспектілері"пәні аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің магистранттарымен интерактивті пікірталасқа қатысты.
Кездесу барысында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудың негізгі мәселелері, атап айтқанда, адам құқықтары мен сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз етудегі ұлттық және халықаралық деңгейлердегі құқық үстемдігі тақырыбы талқыланды.
Кездесу соңында магистранттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, талқыланған тақырып бойынша толық көлемде ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық