Бөлімнің құрылымына Кемсітушіліктің барлық нысандарының болдырмау және заңнаманы жетілдіру секторы кіреді.
Бөлім мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жыл сайынғы, арнайы және тақырыптық баяндамаларын, оның ішінде адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі баяндамаларды, сондай-ақ талдамалық, ақпараттық және анықтамалық материалдарды дайындау;
- адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңнаманы жетілдіруге қатысу, ұлттық заңнаманы дамыту және оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
- Уәкіл жанындағы Сараптамалық кеңес пен Ғылыми комиссияның қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
- конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, семинарларды және өзге де іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;
- адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, БҰҰ институттарымен, қоғамдық бірлестіктермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
- Ұлттық орталықтың өкілдіктерінің Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметіне мониторинг жүргізу, сондай-ақ ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау.