Меню

Страницы

Статья

«Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссиясы

Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің жанынан 2025 жылғы маусымнан бастап консультативтік-кеңесші орган ретінде «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясы жұмыс істейді.

Комиссияның негізгі мақсаты – жастардың құқық қорғау мәселелерін мемлекеттік деңгейдегі күн тәртібіне шығару, жас көшбасшыларды адам құқықтарын қорғау қызметіне тарту және жаңа буынның құқықтық сауаттылығын арттыру.

Комиссияның қызметі жастардың адам құқықтары саласына қызығушылығын арттыруға, кейіннен алған білімдерін «әрекет ету құқығына» айналдыруға, өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңды құқықтық институттар мен тетіктер арқылы қорғау алгоритмдерін үйретуге, сондай-ақ адам құқықтарын құрметтеу, заңдылық, жауапкершілік және азаматтық қатысу қағидаттарына негізделген орнықты құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Комиссия құрамына заңгерлер, ғалымдар, қоғамдық ұйымдардың басшылары, студенттік омбудсмендер, азаматтық қоғам өкілдері және белсенді жастар кіреді. Комиссияның жалпы саны 57 адамды құрайды, оның ішінде 14-і орталық құрамға кіреді, 43-і өңірлік мүшелер болып табылады (астанада, әрбір облыста және республикалық маңызы бар қалаларда 2–3 адамнан).

Дата публикации
06 августа 2026
Дата обновления
07 августа 2026
Тип

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Варшавада Қазақстанның сот реформалары таныстырылды
Біз туралы БАҚ
09 октября 2026
Қазақстан мен ЕҚЫҰ меморандумға қол қойды
Біз туралы БАҚ
09 октября 2026
Елімізде омбудсменнің өкілеттігі кеңейді

Социальные медиа

Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы