Меню

Страницы

Статья

Координациялық кеңес

«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның 12-бабына сәйкес Ұлттық алдын алу тетігіне (ҰАТ) қатысушылардың қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Үйлестіру кеңесі құрылды.

Бұл консультативтік-кеңесші орган азаптаудың, қатыгездікпен, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың алдын алу мәселелері бойынша қызмет атқарады және оның функциялары мен құрамы нақты айқындалған.

Үйлестіру кеңесінің мақсаты, міндеттері, функциялары, сондай-ақ оның қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері оның Ережесінде айқындалған (сілтеме төменде).

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Уәкілдің жұмыс органы ретінде Ұлттық алдын алу тетігінің мониторингін жүргізу және оның тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру барысында Үйлестіру кеңесіне техникалық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.

Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:

азаптаудың және қатыгездікпен, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың басқа да түрлерінің алдын алу;

Ұлттық алдын алу тетігінің қызметіне мониторинг жүргізу, оның тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;

Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың алдын алу мақсатындағы барулар жүргізілетін мекемелермен және ұйымдармен, мемлекеттік органдармен, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен, бірлестіктермен азаптаудың және қатыгездікпен, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың басқа да түрлерінің алдын алу және олардың салдарын жою мәселелері бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

алдын алу мақсатындағы барулардың нәтижесінде алынған деректерді талдау, жүйелеу және пайдалану.

Үйлестіру кеңесінің отырыстары алдын алу мақсатындағы барулардың нәтижелерін талқылауға және адам құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілерді талдауға арналған алаң болып табылады. Кеңес мүшелері, Уәкілді қоспағанда, азаматтық қоғам өкілдерінің қатарынан арнайы комиссия арқылы сайланады.

Үйлестіру кеңесінің құрамына 45 мүше кіреді. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады.

 

Дата публикации
02 июля 2025
Дата обновления
11 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Варшавада Қазақстанның сот реформалары таныстырылды
Біз туралы БАҚ
09 октября 2026
Қазақстан мен ЕҚЫҰ меморандумға қол қойды
Біз туралы БАҚ
09 октября 2026
Елімізде омбудсменнің өкілеттігі кеңейді

Социальные медиа

Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы