Меню

Страницы

Статья

Зерттеулер және монографиялар

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің негізгі бағыттарының бірі – адам құқықтары саласындағы аналитикалық және ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу болып табылады.

Зерттеулер мен аналитикалық материалдар халықтың осал топтарының құқықтарының сақталуы, жабық мекемелердегі ұстау жағдайлары, кемсітушілікке, зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынасқа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ халықаралық стандарттарды ұлттық заңнамаға енгізу мәселелерін және басқа да тақырыптарды қамтиды.

Атқарылып жатқан жұмыс шешімдер қабылдауға негіз болатын дәлелді база қалыптастыруға, құқық қорғау тетіктерін күшейтуге және адам құқықтары саласындағы проблемалар туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға бағытталған. Зерттеу нәтижелері Уәкілдің жыл сайынғы және арнайы баяндамаларында көрініс табады, сондай-ақ ведомстволық өзара іс-қимыл мен заң шығару бастамаларына негіз болады.

Осылайша, Уәкіл институтының аналитикалық қызметі Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғау жүйесінің орнықты дамуына ықпал етеді.

1. Кемсітушілікке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық тәжірибеге шолу, ұлттық заңнама мен құқық қолдану практикасын талдау

2."Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясына мүше мемлекеттердің пенитенциарлық жүйесінде халықаралық стандарттарды ұлттық заңнамаға имплементациялау және халықаралық міндеттемелерді орындау" туралы шолу

3. «Қазақстан Республикасында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және адам құқықтары мәдениетін қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік құқық қорғау жүйесінің жұмыс істеу тәжірибесі туралы» шолу-талдау

4. «Қазақстан халқының құқықтық ағарту деңгейін анықтау» әлеуметтанулық зерттеуі

5. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіде бекітілген негізгі құқықтар жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

6. «Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің пенитенциарлық жүйесі халықаралық құқық тұрғысынан: стандарттардан практикаға дейін» монографиясы

7. «Қазақстан Республикасында азаматтардың ауырған жағдайда медициналық көмек пен медициналық күтім алу құқығының сақталуы туралы» елдік шолу

8. «Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтарын қорғау: халықаралық стандарттар, ұлттық практика және даму жолдары» ұжымдық монографиясы

9. «Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының сақталуы туралы» елдік шолу

Дата публикации
23 декабря 2024
Дата обновления
22 сентября 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Варшавада Қазақстанның сот реформалары таныстырылды
Біз туралы БАҚ
09 октября 2026
Қазақстан мен ЕҚЫҰ меморандумға қол қойды
Біз туралы БАҚ
09 октября 2026
Елімізде омбудсменнің өкілеттігі кеңейді

Социальные медиа

Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы