Бұйрық № 49 от 31.01.2023
Алдын ала бару бойынша Әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 7-бабы 14) тармақшасының жетінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Алдын ала бару бойынша қоса беріліп отырған әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.
- «Алдын ала болу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 23 өкімінің күші жойылған деп танылсын.
- Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Согласовано
31.01.2023 18:14 Нурлиев Нуржан Серикович
31.01.2023 18:22 Умаров Амир Саралиевич
Подписано
31.01.2023 18:24 Ластаев Артур Ермекович
