Әдістемелік ұсынымдар Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның өкілдерінің адамның негізгі құқықтарының бұзылуы туралы шағымдарды қарау жұмысын жүйелеуге арналған. Құжат БҰҰ-ның екі халықаралық пактісінде бекітілген 42 азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықты қамтиды. Олардың қатарында өмір сүру, кемсітушілік пен азаптаудан азат болу, әділ сот талқылауына, жеке өмірге, пікір білдіру бостандығына, еңбекке, денсаулық сақтауға, білім алуға, тұрғын үйге және әлеуметтік қамсыздандыруға құқықтар бар.
Әрбір құқық бойынша халықаралық стандарттар, Қазақстан заңнамасының нормалары, БҰҰ шарттық органдарының жалпы түсіндірмелері және халықаралық практика келтірілген. Ұсынымдарда шағымдарды қарау алгоритмі белгіленген: бұзылған құқықты анықтау, қолданылатын стандарттар мен практиканы зерделеу, мемлекеттің халықаралық міндеттемелерді орындауын бағалау және қажет болған жағдайда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің қосымша шешімдеріне жүгіну.