Әлеуметтанулық зерттеу 4 965 азаматтың сауалнамасына негізделіп, Қазақстан халқының құқықтық сауаттылық деңгейін, ең маңызды және жиі бұзылатын құқықтарды, сондай-ақ азаматтардың Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимылын бағалауға бағытталған. Респонденттердің 82,7%-ы өз құқықтарын білетінін көрсеткенімен, шамамен 42%-ы Омбудсмен қызметі туралы хабарсыз. Ең жиі бұзылатын құқықтар ретінде еңбек ету және әділ еңбекақы алу құқығы — 36%, тегін медициналық көмек алу құқығы — 30% және жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығы — 19% аталған.
Зерттеу қорытындысы бойынша мектептер мен жоғары оқу орындарында құқық және адам құқықтары бойынша міндетті курстар енгізу, қазақ және орыс тілдерінде оқу материалдарын әзірлеу, теледидар мен әлеуметтік желілер арқылы құқықтық ағартуды кеңейту ұсынылған. Сонымен қатар тегін консультациялық орталықтарды, мобильді қосымшалар мен колл-орталықтарды дамыту, Омбудсменнің ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылын күшейту, еңбек құқықтарының сақталуын бақылауды арттыру және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанынан Ғылыми-білім беру орталығын құру ұсынылады.