Шолу Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың мемлекеттік жүйесінің халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және адам құқықтары мәдениетін қалыптастыру жөніндегі қызметіне арналған. Онда заңнамалық база, мемлекеттік органдар мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жұмысы, құқықтық ағартудың білім беру, ақпараттық және цифрлық тетіктері, сондай-ақ 5 мыңға жуық азамат қатысқан сауалнама нәтижелері қарастырылған.
Талдау қорытындысы бойынша құқықтық ақпараттың, әсіресе ауылдық жерлерде, қолжетімділігін кеңейту, цифрлық платформаларды, мобильді қосымшалар мен медиажобаларды белсенді пайдалану ұсынылған. Сонымен қатар мектептердегі құқықтық бағдарламаларды, құқықтық елшілер институтын, мемлекетаралық конкурстарды дамыту және ТМД елдері үшін бірыңғай білім беру платформасын құру ұсынылады.