«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясына мүше мемлекеттердің пенитенциарлық жүйесінде халықаралық стандарттарды ұлттық заңнамаға имплементациялау және халықаралық міндеттемелерді орындау туралы шолу»

Шолуда Адам құқықтары жөніндегі комиссияға мүше ТМД мемлекеттерінің пенитенциарлық жүйелеріне халықаралық стандарттарды енгізу деңгейі талданған. БҰҰ-ның Азаптауға қарсы конвенциясы, Нельсон Мандела, Бангкок және Токио қағидалары, халықаралық бақылау тетіктері қарастырылып, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения және Тәжікстанның заңнамасы мен тәжірибесіне салыстырмалы талдау жүргізілген. Сондай-ақ ұлттық превентивтік тетіктердің, омбудсмендер мен қоғамдық бақылау комиссияларының сотталғандардың құқықтарын қорғаудағы рөлі, негізгі проблемалар мен озық тәжірибелер зерделенген.

Зерттеу қорытындысы бойынша қылмыстық-атқару заңнамасын халықаралық стандарттармен үйлестіру, азаптаулардың алдын алу және тәуелсіз мониторинг тетіктерін күшейту, қамауда ұстау жағдайлары мен медициналық көмекті жақсарту ұсынылған. Сонымен қатар бас бостандығынан айыруға балама жазаларды, пробация мен сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бағдарламаларын дамыту, олардың сыртқы ортамен байланысын кеңейту, мекеме қызметкерлерін адам құқықтары саласында оқыту және пенитенциарлық жүйенің ашықтығын арттыру қажеттігі көрсетілген.

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясына мүше мемлекеттердің пенитенциарлық жүйесінде халықаралық стандарттарды ұлттық заңнамаға имплементациялау және халықаралық міндеттемелерді орындау туралы шолу»
Дата публикации
26 июня 2025