Обзор международного опыта, анализ национального законодательства и правоприменительной практики по вопросам противодействия дискриминации

Шолу кемсітушілікке қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттар мен шетелдік тәжірибені, БҰҰ шарттық органдарының ұсынымдарын, сондай-ақ Қазақстанның заңнамасы мен құқық қолдану практикасын кешенді талдауды қамтиды. Онда әртүрлі салалардағы кемсітушіліктен қорғау, сот төрелігіне қол жеткізу, кемсітушілік фактілерін дәлелдеу, заң көмегін көрсету, жауапкершілік шараларын қолдану, мемлекеттік органдар мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі қарастырылған.

Зерттеу қорытындысы бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірленді. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасында құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ету туралы» бірыңғай заң қабылдау, қолданыстағы заңнамалық актілер мен ӘҚБтК-ге өзгерістер енгізу, сондай-ақ кемсітушілік туралы істерді қарау және дәлелдеу мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу ұсынылды.

Дата публикации
26 июня 2025