Презентация: Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі мен БҰҰ БЖКБ өкілдерінің кездесуі

Презентация Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2024 жылдың 11 қарашасында БҰҰ Жоғарғы комиссарының Босқындар істері жөніндегі басқармасының (УВКБ ООН) өкілдерімен кездесуі шеңберінде дайындалған.

 Слайдтарда Ұлттық адам құқықтары институтының негізгі жұмыс бағыттары көрсетілген, Конституциялық реформа, Уәкілдің өкілеттіктерін кеңейту, адам құқықтарын қорғаудағы басым міндеттер, сонымен қатар мемлекеттік органдармен конструктивті өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды.

 Босқындар мен баспана іздеушілердің құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстанның босқындар мен баспана іздеушілердің құқықтарын қорғау саласындағы жетістіктері, статистикалық деректер көрсетілген, Уәкілдің заңнамалық бастамалары және жағдайды жақсартуға бағытталған алдағы қадамдар ұсынылған.

Дата публикации
25 ноября 2024