Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Еуропалық парламент делегаттарымен Орталық Азия және Монғолиямен ынтымақтастық мәселелері бойынша (DCAS) кездесуде жасаған баяндамасына арналған презентация.
Негізгі мәселелер:
• Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау институтын нығайтудағы жетістіктер: Омбудсменнің өкілеттіктерін кеңейту, 2022 жылғы конституциялық реформа, заңнамалық базаны күшейту.
• Қинауға қарсы күрес: жауапкершілікті қатаңдату, бейнемониторинг енгізу, сотталғандардың медициналық қызметін азаматтық салаға беру.
• Жұмыс нәтижелері: азаматтардан келіп түскен өтініштер санының өсуі, Омбудсменнің жеке қабылдаулары мен өкілдіктерінің аймақтарда едәуір артуы.
• Халықаралық ынтымақтастық және азаматтық қоғамды қолдау – жұмыс бағыттарының маңызды бөліктері.
• Отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі және жәбірленушілердің құқықтарын қорғаудағы жетістіктер.
Презентация Қазақстанның адам құқықтарын қорғаудағы кешенді көзқарасын және Омбудсмен институтының азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтудағы жетістіктерін көрсетеді.