Дағдарыс орталықтарының тізімі

Дағдарыс орталықтары – қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға тегін әрі құпия түрде көмек көрсететін әлеуметтік немесе медициналық мекемелер.

Көбінесе олар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға арналған уақытша баспана ретінде жұмыс істеп, уақытша тұратын орын, психологиялық, құқықтық және медициналық қолдау көрсетеді.

Кімдерге көмек көрсетіледі:

  • физикалық, психологиялық немесе жыныстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға;

  • баспанасынан айырылған немесе көшеде қалған адамдарға;

  • терең психологиялық күйзеліске ұшыраған жасөспірімдер мен отбасыларға.

Дағдарыс орталықтарында көрсетілетін көмек түрлері:

  • Уақытша баспана – бірнеше күннен бірнеше айға дейін тұруға болатын қауіпсіз орын;
  • Психологиялық көмек – өткір күйзелісті еңсеруге және психологиялық жарақат салдарын жеңуге арналған консультациялар;
  • Құқықтық қолдау – құжаттарды ресімдеуге, некені бұзуға, алимент өндіруге немесе қорғау нұсқамасын алуға жәрдем көрсету;
  • Әлеуметтік бейімдеу – жұмысқа орналасуға және одан әрі тұрғын үй табуға көмек көрсету.
Дата публикации
15 февраля 2024