Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сараптамалық кеңес туралы Ереже

Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің

2025 жылғы 5 наурыздағы № 14

бұйрығына 1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы

Сараптамалық кеңес туралы ЕРЕЖЕ

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы Сараптамалық кеңес (бұдан әрі – Кеңес) консультативтік-талдамалық функциялары бар, қоғамдық негізде әрекет ететін кеңесші орган болып табылады.
  2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі – Конституциялық заң), халықаралық келісімшарттарға және Қазақстан Республикасының өзге де міндеттемелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Кеңес өз қызметінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, заңдылық, әділдік, бейтараптық, объективтілік, жариялылық, ашықтық қағидаттарын басшылыққа алады.

 

 

  1. Кеңестің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қызметінің бағыттары

 

  1. Кеңестің мақсаты Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, олардың сақталуы мен құрметтелуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.
  2. Кеңес қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары:

1) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (бұдан әрі – Уәкіл) қызметінің негізгі бағыттарын іске асыруға жәрдемдеседі.

Осы міндетті іске асыру мақсатында Кеңес мынадай қызметті жүзеге асырады:

- адам құқықтары мен бостандықтарын ілгерілету және қорғау саласында Уәкілдің бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге қатысады;

- Уәкіл қызметінің басым бағыттарын айқындауға жәрдемдеседі;

- Конституциялық заңды қолдану практикасын талдауға қатысады, заңның біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету және оны жетілдіру бойынша Уәкілге ұсыныстар дайындайды;

- Уәкілдің жыл сайынғы және арнайы баяндамаларын, Уәкілге талдамалық, сараптамалық және анықтамалық құжаттарды дайындауға қатысады;

- Уәкіл қызметінің басқа да бағыттарын іске асыруға қатысады.

2) Уәкілге өз өкілеттігін іске асыруда консультативтік-талдамалық көмек көрсетеді.

Осы міндетті іске асыру мақсатында Кеңес мынадай қызметті жүзеге асырады:

- Қазақстан Республикасындағы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау саласындағы жағдайды талдайды;

- Уәкілге адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау саласындағы ықтимал проблемалық бағыттар туралы хабарлайды;

- адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғауға қатысты шолулар мен талдамалық есептерді дайындауға жәрдемдеседі;

- ратификацияланған халықаралық шарттарды және Қазақстан Республикасының басқа да халықаралық міндеттемелерін орындау бойынша ұсыныстар дайындау кезінде Уәкілге сараптамалық-талдамалық қолдау көрсетеді;

- Уәкіл ұйымдастыратын адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуге қатысады;

- өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша уәкілге өзге де консультациялық-талдамалық көмек көрсетеді.

3) Уәкілге мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жәрдемдеседі.

Осы міндетті іске асыру мақсатында Кеңес мынадай қызметті жүзеге асырады:

- Уәкілдің адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдармен, өзге де құқық қорғау қоғамдық бірлестіктерімен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау практикасын талдайды, осы практиканы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

- адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау мәселелері бойынша құқық қорғау ұйымдарымен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасайды, Уәкілдің олардың бастамаларын ілгерілетуінің орындылығын негіздейді;

- адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде Уәкілге сараптамалық жәрдем көрсетеді;

- адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау саласында ағарту жұмыстарын жүзеге асыруда Уәкілге жәрдемдеседі;

- Уәкілге адам құқықтары туралы заңнаманы жетілдіру, оны халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар береді;

- адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың шетелдік тәжірибесін пайдалану және адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің қызметі жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

- өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Уәкілге өзге де ұсыныстар енгізеді.

 

 

  1. Кеңес төрағасы, жауапты хатшы, Кеңес мүшелері

 

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 21 бұйрығының редакциясында.

  1. Кеңес құрамына адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар кіреді. Кеңестің дербес құрамын Уәкіл бекітеді.
  2. Уәкіл Кеңестің төрағасы болып табылады.

  Кеңес төрағасы:

1) Кеңестің қызметін ұйымдастырады және оның жұмыс нысанын айқындайды;

2) Кеңес әзірлеген және қабылдаған жұмыс жоспарын, Кеңестің күн тәртібін бекітеді;

3) Кеңес отырыстарын жүргізеді.

  1. ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 21 бұйрығымен алынып тасталды.
  2. ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 21 бұйрығымен алынып тасталды.
  3. Кеңестің жауапты хатшысын Кеңес төрағасы тағайындайды.

Кеңестің жауапты хатшысы:

1) отырыстың қарауына шығарылатын материалдарды дайындауды ұйымдастырады және бақылайды;

2) отырыстың хаттамасын ресімдейді;

3) төрағаның тапсырмаларын орындайды және Кеңес жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды

Ескерту. 10-тармақ ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2025 жылғы                             14 сәуірдегі № 21 бұйрығының редакциясында.

  1. Кеңес мүшесін Уәкіл екі жыл мерзімге тағайындайды.

Кеңес мүшесі:

1) Кеңес отырыстарына қатысады, өз ұсыныстарын енгізеді, Кеңестің қарауына шығарылатын материалдармен танысады;

2) Кеңес өткізетін іс-шараларға қатысады;

3) Уәкілдің шақыруы бойынша Уәкіл өткізетін азаматтарды қабылдауға қатысады;

4) Кеңес құрамына енгізу үшін кандидатураларды ұсынады;

5) Кеңес отырысына жеке қатысуға мүмкіндік болмаған кезде төрағаны немесе жауапты хатшыны хабардар етеді;

6) әдеп нормаларын сақтайды және өз қызметін адал және кәсіби түрде жүзеге асырады.

Кеңестің жұмысына белсенді қатысқаны және жоғары кәсібилігі үшін оның мүшелері көтермеленуі мүмкін.

Ескерту. 11-тармақ ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2026 жылғы                             3 маусымдағы № 15 бұйрығының редакциясында.

11-1. Кеңес мүшесінің өкілеттігін Уәкіл мына жағдайларда тоқтатады:

1) мүшелік мерзімі аяқталғаннан кейін;

2) Кеңес мүшесінің өз бастамасы бойынша;

3) қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда;

4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен кезде;

5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайда;

6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген кезде;

7) Уәкілдің өкілеттігі тоқтатылған кезде.

Ескерту. Ереже ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2026 жылғы 3 маусымдағы № 15 бұйрығына сәйкес 11-1-тармағымен толықтырылды.

11-2. Кеңес отырыстарында әдепсіз немесе қоғамға қарсы мінез-құлық танытқан, оның ішінде балағат, қорлау, кемсітушілік сөздерге жол берген, Кеңес жұмысына нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасаған, сондай-ақ Кеңес отырыстарына дәлелді себептерсіз жүйелі түрде қатыспаған (2 реттен астам) жағдайда Уәкіл Кеңес мүшесінің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы.

Ескерту. Ереже ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2026 жылғы 3 маусымдағы № 15 бұйрығына сәйкес 11-2-тармағымен толықтырылды.

11-3. Осы Ереженің 11-1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, Уәкілдің шешімі бойынша Кеңес мүшесі жаңа мерзімге қайта тағайындалуы мүмкін.

Ескерту. Ереже ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2026 жылғы 3 маусымдағы № 15 бұйрығына сәйкес 11-3-тармағымен толықтырылды.

11-4. Осы Ереженің 11-1-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайда, Кеңестің жаңа құрамы осы Ережеде белгіленген тәртіппен жаңадан тағайындалған Уәкілдің шешімімен қалыптастырылады.

Ескерту. Ереже ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2026 жылғы 3 маусымдағы № 15 бұйрығына сәйкес 11-4-тармағымен толықтырылды.

 

 

  1. Кеңес қызметінің тәртібі

 

  1. Кеңес өз қызметін адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау саласындағы, сондай-ақ Уәкілдің қызметіне байланысты жалпы мәселелерді талқылау үшін отырыстар түрінде жүзеге асырады.

Кеңес отырысының жұмысына төраға, жауапты хатшы, Кеңес мүшелері қатысады. Кеңес мүшелері отырыстарға ZOOM форматта немесе бейнеконференцбайланыс (БКБ) арқылы қатыса алады.

Кеңес отырыстарын Кеңес төрағасы жүргізеді. Төраға болмаған жағдайда Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша Кеңестің отырыстарын оның мүшелерінің бірі жүргізеді.

Ескерту. 12-тармақ ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2025 жылғы                             14 сәуірдегі № 21 бұйрығының редакциясында.

  1. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет. Кеңес отырыстары Кеңес мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан жағдайда заңды болады.

13-1. Кеңестің қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықпен жүзеге асырылады.

Ескерту. Ереже ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 21 бұйрығына сәйкес 13-1-тармағымен толықтырылды.

  1. Кеңес өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдық сипаттағы шешімдер қабылдайды. Шешімдер Кеңестің отырысына қатысатын мүшелердің жай көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

Кеңес отырысының шешімдері Кеңестің төрағасы мен жауапты хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Кеңес мүшелерінің отырыс шешімінің мәні бойынша ерекше пікірлері болған жағдайда, олар жазбаша түрде хаттамаға қоса беріледі.

  1. Кеңес басқа органдардың сараптамалық кеңестерімен бірлесіп, ғалымдар мен мамандарды, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін шақыра отырып, оның ішінде Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен бірлесіп, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін ұжымдық талқылаудың басқа да нысандарын өткізе алады.

Ескерту. 15-тармақ ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2025 жылғы                             14 сәуірдегі № 21 бұйрығының редакциясында.

  1. Уәкіл қызметінің бағыттары бойынша жекелеген мәселелерді талқылау үшін Кеңес арнайы жұмыс топтарын құра алады.
  2. Уәкіл белгілеген тәртіппен Кеңестің жұмысына мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жекелеген ғалымдар, мамандар, сондай-ақ өзге де адамдар тартылуы мүмкін.
  3. Өңірлік сараптамалық кеңестер өз қызметін осы Ереженің қосымшасына сәйкес Уәкілдің өкілі жанындағы Сараптамалық кеңес туралы Үлгілік ереженің негізінде жүзеге асырады.

Өңірлік сараптамалық кеңестердің құрамы Уәкілдің өкілімен бекітіледі.

Ескерту. Ереже ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 21 бұйрығына сәйкес 18-тармағымен толықтырылды.

 

Дата публикации
04 сентября 2023