Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн белгiлеу туралы" 2002 жылғы 19 қыркүйектегi N 947 Жарлығын iске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. "Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық" мемлекеттiк мекемесi құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2001 ж., N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
аталған Жарлыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық 14".
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.