Монография әйелдер құқықтарын қорғаудың барлық негізгі аспектілерін қамтитын және халықаралық стандарттарды, ұлттық заңнаманы және олардың Қазақстан Республикасында іске асырылу практикасын салыстырмалы талдауға арналған алғашқы ғылыми еңбек болып табылады. Онда сондай-ақ құқық қорғау институты бұрын жүргізген зерттеулер, оның ішінде Уәкілдің «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» арнайы баяндамасы (2024 жылғы 1 наурыз), әйелдерді бас бостандығынан айыру орындарындағы ұстау жағдайларын, оның ішінде жабық мекемелерде дүниеге келген балалары бар әйелдердің жағдайларын жақсарту, сондай-ақ әйелдерге қатысты жыныстық және гендерлік сипаттағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша БҰҰДБ жобасы аясында жүргізілген зерттеу (2024 жылғы 22 қараша), Уәкілдің «Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру институттары туралы» арнайы баяндамасы (2025 жылғы 18 шілде) кешенді түрде ескеріліп, жинақталған.
Еңбекте әйелдер құқықтары саласындағы халықаралық және өңірлік стандарттар, әйелдер құқықтарын қорғау институтының жұмыс істеуінің теориялық-құқықтық негіздері, халықаралық міндеттемелерді ұлттық заңнамаға имплементациялау тетіктері, сондай-ақ мемлекеттік гендерлік саясатты дамытудың қазіргі заманғы үрдістері қарастырылған.